«Өтірікті рас қылып айт!»: Мақпал Жүнісова өзін сынаған Роза Рымбаеваға жауап берді
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде әріптесі Роза Рымбаеваның сұхбатына байланысты пікір білдіріп, өзіне қатысты тараған әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өнер иесінің айтуынша, Роза Рымбаеваның «кейбір әншілердің концертіне адамдарды әкімдік күштеп кіргізеді» деген сөзі желі қолданушылары тарапынан Мақпал Жүнісоваға бағытталғандай қабылданған.
"Жаңа маған бір хабар түсті. Роза Рымбаева апамыз "Осы кейбір әншілердің концертіне әкімдік қинап кіргізеді екен адамдарды" деп сұхбат берген екен. Соған елдер "Мақпалдың концертіне елдерді қинап кіргізеді" деп жазып жатыр екен. Сол кісілерге "Оттамаңдар" деп айтқым келеді. Мен өмірімде әкімдікке барып "маған концерт жасап беріңдер" деп айтып көрмеппін. Менің концертіме халық өзі келеді. Сондықтан өтірікті кішкене растау қылып айтыңдар. Менімен бірге гастрольге шығып тексеріңіздер. Бір әкімдікке кіріп көрмеген адаммын. Рәкең өзінің концертіне солай жасайтын шығар мүмкін. Менің концертімде ондай болмаған және болмайды да! Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді", - деді өнер иесі.