Павлодарда босанып қалған 12 жасар оқушы сабағын жалғастырады

1 тамыз 2024 14:19 / Новости Казахстана

Павлодарда дүниеге сәби әкелген 12 жасар оқушы қыз сабағын жалғастырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты. «Бұл жайт бала құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында тұр. Оқушы қыз сабағын жалғастыратыны сөзсіз. Психологиялық және педагогикалық та көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалған», - деді Насымжан Оспанова, - деп хабарлайды Arbat.media.

Таяуда Павлодар облысында 12 жасар оқушы қыз туысынан жүкті болып, босанған еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Павлодарда 12 жасар қыздың босану оқиғасы - өте сирек кездесетін жайт. Бұл ашындыратын әрі алаңдатарлық оқиға екендігі сөзсіз. Фактіні мектеп педагогтары байқап, бірден әрекет жасаған. Психологиялық, медициналық қызметтер жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалған. Оқиға қыздың үйінде кәмелетке жасы толмаған жақын туысымен арада болған», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, мектеп оқушысын зорлаған жасөспірім психиатриялық ауруханада жатыр.

Нақты сараптамалар жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары