Президент: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады

22 сәуір 2026 16:16 / Новости Казахстана

Астана өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитінде су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе екенін атап өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты. Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді»,-деді Мемлеке басшысы.

Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді.

Президенттің айтуынша, бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының кезекті отырысы өтеді. Жиында әріптестермен бірге Қазақстанның ұйымға үш жылдық төрағалығы қорытындыланады.

Серіктес жаңалықтары