Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құрды

8 қазан 2025 16:23 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын», - деп жазылған Ақорда ұсынған хабарламада.

Оның құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.

Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар ен

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамына мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды. Ал Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары болып Ержан Жиенбаев пен Арман Қырықбаев тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары