Президент қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

1 қаңтар 2026 9:22 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болғанын атап өтті. Сондай-ақ Президент биыл атқарылған маңызды оқиғаларға тоқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құрып жатырмыз. Енді, міне жылқы жылына аяқ басқалы тұрмыз. Қазақ үшін қазанаттың орны қашанда бөлек. Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз. Өркениетті ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Алға қойған биік мақсатымыз және нақты жоспарымыз бар», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр азаматына зор денсаулық, амандық және табыс тіледі.

«Төрт құбыламыз түгел болсын! Әр шаңырақ жақсылыққа толсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы, Қазақ Елі жасай берсін! Жаңа жыл құтты болсын!», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары