Қарағанды облысында теміржол станциясына баған құлап, адамдар зардап шекті
15 тамыз 2025 17:36 / Новости Казахстана
Қарағанды облысындағы Саяқ теміржол станциясында төтенше жағдай болды. Алып баған темір жолға құлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жол құрылысы кезінде алып балка опырылып, теміржолға құлады. Оқиға 12 тамыз күні болғанымен, әлеуметтәк желіде бұл туралы ақпарат бүгін ғана тарады.
«Қазақстан темір жолы» АҚ ақпаратты растады және құрылыс жұмыстарына жеке мердігер компания жауапты екенін мәлімдеді.
Полиция «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі ауруханаға жатудан бас тартқан.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана