Қарағандыдаға жол апатынан бір адам мерт болды

3 қараша 2025 14:25 / Новости Казахстана

Қарағандыда Range Rover маркалы көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Автомобиль бағдаршамның тірегіне соғылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2 қараша күні сағат 00:20 шамасында Крылов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала болжам бойынша, 50 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, бағдаршам тірегіне соғылған.

«Қатты соққыдан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Көлікте өзінен басқа ешкім болмаған», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram желісіндегі karaganda.city парақшасында жол апаты орнынан түсірілген видео жарияланды. Кадрларда көліктің қатты бүлінгені және оның бөлшектері жол бойына шашылып жатқаны көрінеді.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары