«Қазақстан аруы – 2023» байқауының финалистері анықталды

6 желтоқсан 2023 9:00 / Новости Казахстана

Алматыда 14 желтоқсан күні «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Финалға кастинг пен жартылай финалдың нәтижесінде іріктеліп шыққан 25 қыз қатысады, арасында өңірлердің жеңімпаздары да бар.

Байқауға қатысушы аруларға келесідей негізгі талаптар қойылды: жасы 18-25 арасында, бойы 165 см-ден кем емес, ҚР азаматы, тұрмысқа шықпаған болуы тиіс. Сонымен қатар балалы болмауы керек.

Байқауға қатысушы қыздар байқаудың ұйымдастыру комитетінің кастинг-бөлімінен іріктеліп алынды. Сайтқа еліміздің әр өңірінен 30 мыңға жуық өтініш түскен.

Ұйымдастырушылар параметрлерге сай келетін қыздарды әлеуметтік желі арқылы өз бетінше іздеп шақырып, ішінен 25 қыз жартылай финалға өткен. 

Айта кетейік, филер енгізуге тікелей тыйым салынбайды, өйткені әлемдік байқауларға кірпігі ұзартылған, жасанды шаштары бар көптеген қыздар қатысып жүр. 

Байқау табиғатты сақтау контексі аясында «Болашақты қорға» ұранымен өтіп жатыр.

Байқаудың финалы 14 желтоқсан күні Алматыда Республика сарайында сағат 20:00-де басталады. 

Финалға Алина Имирова, Аяулым Әлімхалиева, Рабиға Насуруллаева, Аяулым Сәлімова, Севинч Тәжібаева, Сабина Идрисова, Дарья Подгорная, Наталья Петри, Мадина Әлмұханова, Аяна Нұрқасымова, Айша Нарымби, Тілекші Бисембаева, Ақтоты Жүнісбекова, Аделина Багумбаева, Айбарша Лекерова, Аяжан Жұмагереева, Диана Ербосын, Дарина Бәйдібекова, Яна Полыгалова, Аружан Қуатбаева, Мадина Ещанова, Карина Бримжанова, Ботагөз Нұржігітова, Анна Зорина мен Аружан Арыстан қатысады. 

Серіктес жаңалықтары