Қазақстан Франциямен бірге авиация мамандарын даярламақ

19 желтоқсан 2023 16:35 / Новости Казахстана

Елімізде жыл сайын авиация саласында 600 маман жетіспейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Кадрлар даярлау мәселесіне тоқталатын болсақ, қазіргі уақытта салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жыл сайын қосымша кадрларға деген қажеттілік 600 адамды құрайды. Елімізде Орта Азия бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істеп тұр. Алайда, академия түлектері халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес», - деді министр.

Оның айтуынша, осыған байланысты негізгі авиакәсіпорындар кадрларды даярлауды өз бетінше жүзеге асыруға мәжбүр.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттеріміздің сұраныс деңгейін арттыру мақсатында франциялық Азаматтық авиация ұлттық мектебін стратегиялық серіктес ретінде тарта отырып, EASA еуропалық стандарттарға сәйкес кадрларды даярлау пысықталып жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары