Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды
Reuters агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы өтетін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында грек компаниялары басқаратын екі мұнай танкеріне дрондармен шабуыл жасалған, деп хабарлайды Arbat.Media.
LSEG деректеріне сәйкес, танкерлердің бірі — Delta Harmony — гректің Delta Tankers компаниясының басқаруында. Бұл кеме «Теңізшевройл» консорциумы өндіретін мұнайды тиеуі тиіс болған. Екінші танкер — Matilda — гректің Thenamaris компаниясына тиесілі, ол Қарашығанақ кен орнынан алынатын мұнайды тиейтін болған.
Thenamaris компаниясының өкілі Matilda танкері КҚК терминалынан маңында, жүксіз күйде тұрған кезде екі дронның соққысына ұшырағанын растады.
«Зардап шеккендер жоқ. Кеменің құрылымдарына жеңіл зақым келген. Кеме жүзуге жарамды болып, аймақтан шығып кетті», — деді компания өкілі.
Ал Delta Tankers компаниясы Reuters-тің сұрауына жауап бермептң.
Ал Каспий құбыр консорциумы бұл шабуылға қатысты пікір білдіруден бас тартты.