Қазақстанда ірі алаяқтық жасаған шетелдік Черногорияда ұсталды
11 маусым 2025 21:50 / Новости Казахстана
Қазақстандық полиция іздестіріп жатқан шетелдік Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды.
2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы маусымға дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған.
"Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген. Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.
12 қазан 2026 17:32 / Новости Казахстана
Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті
12 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
Шетелдік азамат алматылық әйелге тиіскен
12 қазан 2026 13:14 / Новости Казахстана
Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді
12 қазан 2026 12:22 / Новости Казахстана
Жетісу облысында сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қаза тапты
12 қазан 2026 10:30 / Новости Казахстана
KN концертін ұйымдастыруға жауапты адам қамауға алынды
9 қазан 2026 18:45 / Новости Казахстана