Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынады

12 қараша 2025 14:45 / Новости Казахстана

Мәжіліс «ЛГБТ насихатына тыйым салу» туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Депутаттар екінші оқылымда бірден тоғыз заңға өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулерді қолдады. Құжатқа сәйкес, бұдан былай БАҚ-та және интернетте «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарға» қатысты кез келген ақпаратты таратуға тыйым салынбақ. Ол Архив ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша норма авторы ретінде Еділ Жаңбыршин бұл өзгерістің мәнін түсіндірді. Ол бұл мәселе қызу талқыланып жатқанына бес жылдың жүзі болғанын айтты.

«Дәл осы мінберден өзім де, әріптестерім де бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені бүге-шігесіне дейін талқыладық. Бұл қасиетсіз топ қасиетті киіз үйімізде тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорымызда гомосексуализм бар деп, тұтас халыққа жала жапты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары