Қазақстандықтар екі жерде жұмыс істей ала ма?

21 қыркүйек 2025 9:23 / Новости Казахстана

Бір уақытта екі жерде жұмыс істей алмайды дегенге еңбек министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жұмыс орнында істей алады, бірақ 12 сағаттан аспау керек деген талап бар. Яғни, негізгі жұмыста – 8 сағаттан, ал қосымша жұмыста 4 сағаттан артық еңбек етпеуі тиіс.

Ведомствоның мәліметінше, азаматтар қосымша жұмыс бойынша еңбек шартын жасасу үшін негізгі жұмыс орнынан еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама ұсынуы қажет.

«18 сегіз жасқа толмаған адамдарды, сондай-ақ ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерді (медициналық қызметкерлерді қоспағанда) қосымша жұмысқа қабылдауға жол берілмейді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге тыйым салынады, өйткені олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа, өзге ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары