Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

3 қараша 2025 10:22 / Новости Казахстана

Ауғанстандағы 6,3 балдық жер сілкінісі кемінде жеті адамның өмірін қиды. Тағы 150 адам жараланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Дүмпу ошағы Мазари-Шариф қаласының маңында 28 шақырым тереңдікте тіркелді. Елді мекенде шамамен 523 мың адам тұрады. Табиғи апат үйлерді және жергілікті мешітті қиратқан. Құтқару қызметтері апаттың ауқымы мен жапа шеккендердің санын анықтап жатыр. Айта кетейік, мұндай күшті жер сілкінісі бұған дейін 2015 және 2023 жылдары болып, мыңдаған адамның өмірін қиған.

Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпуі Шымкент қаласында — 2 балл, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында — 2 балл, Жетісай қаласы мен Шардара қаласында да — 2 балл болып сезілді.

Серіктес жаңалықтары