Қазақтарды «мамбет» деп мазақ еткен Алика Мухамадиева 3,5 жылға сотталды

3 қараша 2025 20:58 / Новости Казахстана

Бүгін Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты үкім шығарылды. Ол әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бірақ жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды, себебі кішкентай баласы бар.

Еске салайық, Алика Мұхамадиева шілде айында әлеуметтік желіде жариялаған қорлайтын жазбалары мен пікірлері үшін ұсталған. Ол қазақстандықтарды «мамбет», мұсылмандарды «доңыз», ал қазақ тілін «жартылай қалбит диалектісі» деп атаған.

Бұл жазбалар қоғамда үлкен наразылық туғызды. Артынша Алика видео арқылы кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Бірақ бұл оның жағдайын жеңілдетпеді – оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша іс қозғалды. Бүгін ол 3,5 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары