Қолымен белгі берген жігіт қылмыскерлерден құтқарылды

13 желтоқсан 2023 9:23 / Новости Казахстана

Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жариялады.

Инспектор Аймереке Мұханбетқазина Әбілқайыр хан даңғылындағы кафелердің бірінің жанында қатты сөйлесіп тұрған үш жас жігітті байқады. Полиция қызметкерін көрген жігіттер бірден тынышталды. Олардың әрекеттері инспектордың күдігін тудырды.

Полицей оларға жақындаған кезде жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық қолымен белгі берді.

Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина бірден “102” нөміріне қоңырау шалып, құқық бұзушыларды өз бетінше ұстауға тырысты. Ол шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ бар екенін байқап әңгімеге тартты.

Осы уақыт ішінде полиция жасағы оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды ұстады.

Жастар ақшаға қатысты даулы мәселені шешкені анықталды. Істің өзге мән-жайын полиция анықтайды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.


Серіктес жаңалықтары