Қытайлық компания мен қазақстандық шенеуніктердің былығы ашылды
Қытайлық компания қазақстандық шенеуніктерге миллиардтаған теңге пара беріп келген, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Ту-Ха” ЖШС-нің есепшісі мен бас директорының орынбасары сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптталушылардың әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 6 миллиард теңгеден асқан.
Есепші мен бас директордың орынбасары 2004-2020 жылдары арасында 16 жыл бойы қытайлық басшыларының нұсқауымен компанияның қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, шығарып отырған.
Көші-қон қызметіне қытайлық қызметкерлердің елге кіруіне рұқсат бергені үшін 2,4 миллион доллар төленген. Экология департаментіне әр жыл сайын химиялық реагенттер үшін 20 мың доллар беріліп келген. Кеденге баж мөлшерлемесін төмендеткені үшін шамамен жарты миллион доллар жұмсалған. Ал Ақтөбе облыстық прокуратурасына 100 мың долларлық пара берілгені белгілі болды.