Қызғалдақпен суретке түскен әкімге қатысты сот отырысы басталды
13 мамыр 2025 19:12 / Новости Казахстана
Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен әкімге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Сот отырысында Мұғалжар ауданы Жұбанов ауылдық округінің әкімі кінәсін мойындамады. Айтуынша, гүлді отбасымен табиғат аясында демалып жүргенде қыздары сыйлаған. Ал ол жерде өсімдікті жұлуға болмайтыны туралы ескерту белгілері болмаған.
Арнайы шақырылған маман да суреттегі қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген түрі екенін нақты айта алмады. Сот отырысы кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, әкім қызғалдақпен түскен суретін әлеуметтік желіге салып, ол құқық қорғаушылардың назарын аударған. Нәтижесінде, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана