ӘлемКеше, 18:08

Танымал музыкант қыз қыз зорлағаны үшін 50 жылға сотталуы мүмкін

Нью-Йоркте американдық рэпер және музыкалық магнат P. Diddy-ге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Музыкантқа бірден бес бап бойынша айып тағылуда. P. Diddy-ге адам саудасымен айналысып, жасөспірімдерге жыныстық зорлық-зомбылық жасаған және әйелдерді жезөкшелікке тартқан деген айып тағылды.

Прокурорлардың пікірінше, музыкант өзінің атақ-даңқына сеніп қыздарды пайдаланған. Әрі ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

P. Diddy сот залына келді. Таңертеңнен бастап ғимаратты БАҚ өкілдері қоршап алды. Олар Комбстың анасы мен оның балаларын да суретке түсірді.

55 жастағы музыкант өзіне тағылған барлық айыпты мойындамай отыр.

Тергеу мәліметінше, ол әйелдерді тұншықтырып, ұрып, тепкілеп, шашынан сүйреген. Оларға ішімдік ішкізіп, есіркі қолдануға мәжбүрлеген. Ал оның қылмыстық тобы музыканттың нұсқауы бойынша АҚШ-та және өзге де шетелдерде қонақүй нөмірлерін әзірлеген. Бөлмеге арнайы жарықтандыру орнатқан, қосымша төсек-орын мен интимдік керек-жарақтарды түгелдеген.

Егер сот рэперді кінәлі деп тапса, ол 15 жылдан 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Рэпер Музыкант сот

Тақырыпқа жаңалықтар