«Раушан көңілсіз тұр»: Көпшілік Димаш Құдайбергеннің қарындасының үлкен тойы дұрыс ұйымдастырылмағанын айтты

9 тамыз 2025 10:12 / Новости Казахстана

Бүгін Шымкент төрінде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің дүбірлі тойы өтті, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Қуанышты мерекеде әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бой көрсетті.

Сонымен қатар тогда екі жасты белгілі дуэт Мирас пен Құралай ортаға «Жас жұбайлар» әнімен алып шықты. Дүбірлі тойдың видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алайда көпшілік тойдың ұйымдастырылуын сынға алып жатыр.

«Бастарды әрі-бері жұлқылап, не істеді?», «Ұйымдастырылу жағын қадағаласа болады ғой, әжелер әрі-бері жүріп, тойдың бәрін құртты», «Неткен көп бала-шаға, әркім өз баласына ие болмай ма?», «Әзірден Раушанның көңіл-күйі жоқ», «Шымкенттіктер осылай жасайды», деп жарыса жазды жұрт.

Айта кетейік, жас-жұбайларға тілектерін айтып, екі жақтың әулеті, өнер иелері жиналған. Салтанатты шарада Димаштың әжесі Миуа апай Раушан мен Ермаханға арнап жүрек тебірентер тілегін айтты.

Серіктес жаңалықтары