Рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

15 қазан 2026 9:30 / Новости Казахстана

Полицияның мәліметінше, 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі “Қордай” өткізу пунктінде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, NAVAI лақап атымен танымал шетелдік азаматты ұстаған, деп хабарлайды, Arbat.Media.

Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленген.

Осы дерек бойынша есірткі заттарын контрабандалық жолмен алып өтуге оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары