Ресей азаматтары Ақтауда ұшақтан түсуден бас тартқан
3 желтоқсан 2025 17:28 / Новости Казахстана
Pegasus Airlines әуекомпаниясының Ыстанбұл–Ақтөбе бағыты бойынша рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Рейс 8 сағатқа кешігіп, ұшу уақыты жоспарланған 3 сағаттың орнына 6 сағатқа созылған. Соның салдарынан жолаушылар межелі жерінен 1500 км қашықта қалғанда жете алмаған.
Қазақстандық жолаушылар ұшақтан түскен, ал 40-қа жуық Ресей азаматтары ұшақтан түспей қойған. Олар миграциялық мәселелерден қауіптеніп, қайда жүгінерін білмеген.
Әуежай әкімшілігі оларға қонақүй мен Ақтөбеге дейін тасымалдауды ұсынған. Кешке қарай ұшақ бортында 16 адам қалып, оларға Ақтау–Ақтөбе бағытына билет рәсімделіп жатыр.
11 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
11 қарашада ауа райы қандай болады?
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана