Ресей-Украина соғысы: екі ел жер бөліспек
22 наурыз 2025 13:18 / Новости Казахстана
Ресей мен Украина бейбіт келісімге келу үшін жерді бөлу мәселесін де талқылап жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы АҚШ президенті Ақ үйдегі баспасөз брифингі кезінде айтты. Дональд Трамп жақын арада Украинада атысты толық тоқтатуға мүмкіндік болады деген үмітте екенін жеткізді.
"Кейін келісім жасаймыз. Қазір ол талқыланып жатыр: жерді бөлу және басқа да жайттарға қатысты”, – деді Трамп.
Еске салсақ, 23 наурызда Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында Украинада атысты тоқтату мәселесі бойынша келіссөздің кезекті раунды өтеді.
Оған АҚШ, Украина және Ресей өкілдері қатысады. Алайда РФ мен Украина өкілдері бір-бірімен кездеспейді.
Екі ел 30 күн соғысты тоқтату келісіміне келген.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана