Республика күні барлық өңірде жедел штаб жұмыс істейді

23 қазан 2023 12:55 / Новости Казахстана

25 қазан - Республика күні мерекесі еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Республика күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдануда. 24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді», - деді Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев.

«Мереке күні қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады».

Автор
Серіктес жаңалықтары