Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 70,98% халық дауыс берген
Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызылорда облысында 91,8% сайлаушы дауыс берген екен. Ал Алматыда әлі де дауыс берушілер ең аз.
Барлық 10 388 сайлау учаскесі дауыс беруге ашық болды.
Астанадағы №130 сайлау учаскесінде премьер-министр Олжас Бектенов дауыс беріп үлгерді. Ал Генадий Головкин Банкгокта дауыс берген екен.
Дауыс беру таңғы сағат 6:00-де 92 сайлау учаскесінде басталды.
Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілген.
Қазақстанда 10 388 сайлау учаскесі және шетелде 54 елде 71 сайлау учаскесі бар.
Жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 19,21%-ы дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, көш бастап тұрған – Қарағанды облысы. Мұнда референдумда азаматтардың 26,64%-ы дауыс беріп үлгерген. Екінші орында – Қызылорда облысы (24,02%), үшінші орында – Астана (20,68%).
Ең төмен көрсеткіш Алматыда тіркелді — 9,54%.