«Самұрық-Қазынаға» тиесілі «Богатырь көмір» компаниясында тергеу жүріп жатыр

21 қараша 2025 11:41 / Новости Казахстана

Кейбір жеке компаниялардың басшылары ескі, пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жаңа, зауыттан шыққан заттар сияқты етіп «Богатырь көмірге» өткізген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл алаяқтыққа көмектескен зауыттың өз қызметкері болған. Ол сапасыз бөлшектерді қабылдап, «бәрі талапқа сай» деп жалған құжат жасаған.

Екі жыл бойы осылайша өтірік сертификатпен реактор, цилиндр, тіркеме, тежегіш жүйелері сияқты бөлшектер өткізілген.

Нәтижесінде зауытқа 123 миллион теңге шығын келген.

Жымқырылған ақша жалған келісімшарттар арқылы әртүрлі жеке кәсіпкерлер мен компаниялар арқылы айналымнан алынып, қолма-қол ақшаға айналған.

Тергеу кезінде күдіктілерден 27 млн теңге қолма-қол ақша және 6 қымбат көлік (Cadillac Escalade, Range Rover, Toyota Land Cruiser 250) тәркіленіп, бұғатталды.

Үш адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары