Семейде автобус пен манипулятор соқтығысып қалды
Семейде автобус пен манипулятордың қатысуымен жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті, деп хаюарлайды Arbat.Media.
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, Абай-Шәкәрім көшелерінің қиылысында манипулятор бағдаршамның жасыл белгісіне өтіп бара жатып, бортынан шығып кеткен кранмен жолаушылар автобусына соққан. Автобустың ішінде 20 шақты адам болған.
Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен екі жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылды.
"Жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оның көлігі арнайы тұраққа жеткізілді", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.