Семейге кеткен жігіттің мәйіті өзеннен табылды

18 маусым 2025 13:22 / Новости Казахстана

Семейге кеткен 22 жастағы Денис Рудьконың денесі өзеннен табылды, жеп хабарлайды Arbat.Media.

Ол Павлодар қаласында жоғалып кеткен. Оны іздеуге полицейлер мен «Vita» еріктілер тобы жұмылдырылған болатын. Өкінішке қарай, жас жігіттің денесі өзеннен табылды.

«Vita» еріктілерінің мәліметінше, Денис Рудько Құлындыдан Павлодарға жалғыз келмеген. 14 маусым күні таңғы 9-да олар Қайырбаев көшесіндегі асханада таңғы ас ішкен. Осыдан кейін Денис түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен.

«Жігіттің жанында тек паспорты болған, ал телефоны мен сөмкесі көлікте қалып қойған. Волонтерлер Химқалашық пен Усолка аумағын тексеріп, дүкендерге кіріп, хабарландырулар қалдырды. Туыстарының айтуынша, соңғы кездері жігіттің психологиялық жағдайы нашар болған, дезориентацияда болуы мүмкін», – деп жазды еріктілер Instagram парақшасында.

Іздеу басталғаннан бір тәуліктен кейін, Денис Рудьконың денесі Усолка өзенінен табылды. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД хабарлады.

«Құтқарушылар патрульдеу барысында автомобиль көпірі маңындағы акваториядан 2002 жылы туған жігіттің денесін тапты. Ол із-түзсіз жоғалған ретінде іздеуде болған. Мәйіт полицияға тапсырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары