Сәтбаевта 13 жастағы қызды көлік қағып кетті
Сәтбаевта 13 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
16 маусым күні Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде қайғылы жол апаты орын алды.
Полиция мәліметінше, 13 жастағы қызды көлік қағып кеткен. Қатты соққыдан кейін қыз өтіп бара жатқан екінші автокөліктің астына түсіп қалған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: