Соттың есігін сындырған әйел 605 мың теңге айыппұл арқалады

4 қараша 2026 12:36 / Новости Казахстана

Қонаев қаласында сот ғимаратының шыны есігін сындырған әйелге ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2 қарашада болған. Әйел облыстық сот ғимаратының шыны есігін қасақана сындырып, материалдық шығын келтірген. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Нәтижесінде сот қаулысымен әйел 605 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары