СҚО-ға 800 отбасы көшіп келді

26 тамыз 2026 12:19 / Новости Казахстана

СҚО-да ішкі көші-қон бағдарламасы толық орындалды: жыл басынан бері өңірге 800 отбасы қоныс аударды. Әр қоныс аударушыға 302 мың теңге субсидия беріліп, баспана алуға қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мағжан Әмірбек Петропавлға Алматы қаласынан көшіп келді. Қазір ол жергілікті зауытты жұмыс істейді.

Мағжан Әмірбек, Трансформатор зауытының қызметкері: - 2020 жылы Петропавл қаласына көшіп келдім. Осы зауытта жұмыс істеймін. Келе сала жұмысқа кірдім. Петропавл қаласы маған ұнады. Үй алғанда мемлекет маған үй алғаным үшін 4,5 млн теңге ақша қаржы берді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 2820 адам көшіп келді. Бұл 800 отбасы. Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алуға қаржы бөлінді. Биыл оның көлемі 7 млн. теңгеден асты.

Серіктес жаңалықтары