Су тасқыны туралы түсірілген кино үш аптада 1 млрд теңге касса жиды
Қазақстандағы режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN» фильмі үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба.
«Көрермен көзайымына айналған «QAITADAN» киносының оқиға желісі, визуалы ерекше әсер қалдырады. Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік идеясы бар, әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейді. Әр диалог – бүгінгі қоғамға ой салады. Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады», - деп жазады министрлік.