Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?

9 сәуір 2024 13:00 / Новости Казахстана

Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Тасқыннан зардап шеккен азаматтардың несиесі шегеріле ме?

Әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

Аталған санаттағы азаматтарға бірреттік төлем қарастырылған ба?

Су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар әкімдікке тиісті өтінішпен жүгіну арқылы бір реттік төлем ала алады.

Залалды кім анықтайды?

Залалдың алдын ала мөлшерін жергілікті атқарушы органдар, өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрліктері айқындайды. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен қарастырылады.

Іс-әрекет алгоритмі қалай болмақ?

 

  • Шығынды өтеу комиссиясы жұмыс істейді. Материалдық шығындарды өтеу туралы өтініштер аталған комиссияға келіп түседі, төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
  • Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалайды.
  • Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.

 

Айта кетсек комиссия өкілдері су тасқынынан қанша адамның зардап шеккенін, қанша үй мен нысанға зақым келгенін, барлық шығын көлемін есептеп, шешім шығарады.

Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй салуға жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары