Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті
Шығыс Қазақстан облысында биыл пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биыл 2526 адамға пневмония диагнозы қойылған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 787, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 86, ересектер – 1653, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Өткен жылғы сәйкес кезеңде пневмонияға шалдыққандар саны 1023 адамды құраған. Демек, биыл науқастар саны 2 жарым есеге артып отыр. Ауырғандар санының көбеюі ерте диагностика көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты», - делінген ақпаратта.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелмеген.
Осыған дейін Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жеткенін жаздық.