Шымкентте бірқатар жоғары лауазымды күштік құрылым өкілдері қызметінен босатылды
Шымкентте бірқатар жоғары лауазымды күштік құрылым өкілдері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар: Шымкент полиция департаментінің бастығы Н. Алмасбеков, оның орынбасарлары, Қаратау аудандық полиция бөлімінің бастығы Сахов пен Қалдарбеков және оның тергеу жөніндегі орынбасары. Сонымен қатар полиция департаментінің тергеу басқармасы басшылығы да қызметінен шеттетілді. Енді қылмысты жасыру фактісі бойынша тергеу басталмақ.
Ақпаратты марқұм Нұрай Серікбайдың адвокаты Аянхан Омаров хабарлаған. Оның айтуынша, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.