Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды», - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.
Оның айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған.
Бүгін таңертең Шымкентте екі жасар баланы туысы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергенін жазған болатынбыз.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғады.