Түркістан облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тауып, сегіз бала жетім қалды
2 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Қаратөбе ауылында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды. Артында сегіз баласы қалған отбасыға туыстары мен ауыл тұрғындары қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы мәліметке сәйкес, балалардың үлкені – 15 жастағы қыз, ал кенжесі небәрі сегіз айлық сәби.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұмдардың жақындары мен ауыл азаматтары балалар тұратын баспананы жөндеуге кіріскен. Олар асар ұйымдастырып, үйді балалардың тұруына қолайлы етуге күш салып жатыр.
Үндеу авторларының айтуынша, баспананың жылу жүйесі толық орнатылмаған әрі үйге газ тартылмаған. Сондықтан қазір жөндеу жұмыстарын жедел аяқтап, балаларға жағдай жасауға басымдық беріліп отыр.
2 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тауып, сегіз бала жетім қалды
2 қараша 2026 17:23 / Новости Казахстана
Атырауда терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды
2 қараша 2026 16:26 / Новости Казахстана
Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды
2 қараша 2026 15:19 / Новости Казахстана
400 млн теңге аударылған: Ақтөбеде есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен дропперлер тобы ұсталды
2 қараша 2026 13:11 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
2 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана