Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау ісінде салғырттық танытқан полицей тергеуге алынды
Талғар ауданында ер адамның өлімі мен баланың ұрлану оқиғасына байланысты учаскелік инспектор қызметінен босатылды. Сонымен қатар, ол 2 бап бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, учаскелік инспекторға қатысты екі бап («Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық», «Құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Прокуратура тергеудің аяқталғанын растады. Инспектор ішкі істер органдарынан 2025 жылдың 4 қарашасында, оқиғадан екі айдан аса уақыт өткен соң, жұмыстан шығарылды.
Айта кетерлігі, 3 қыркүйекте, трагедиядан үш күн бұрын, учаскелік инспектор әйелдің үйіне шақыртумен барады. Сол күні үйге мылтық ұстаған ер адам барған. Инспектор сол күні қорғау нұсқамасын рәсімдеп, оған жәбірленушінің жалған қолтаңбасын қойған. Сараптама бұл қолтаңбаның жәбірленушіге тиесілі емес екенін анықтады.