«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле»: Белгілі блогер ажырасқан күйеуі туралы айтты

18 қазан 2025 11:38 / Новости Казахстана

Ақтаулық белгілі блогер Салтанат Аманқосқызы әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arbat.Media ozgeris.info сайтына сілтеп.

Блогер екінші рет ажырасқаннан кейін енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

"Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap. Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. "Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің", – деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. "Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!", – деген ой маза бермеді. Әкеме "енді тұрмыс құрмаймын" деп уәде бердім… Болары болды, бояуы сіңді", – деп жазды ол.

Бұған дейін ол бұрынғы күйеуінің опасыздық жасағанын ашық жазған болатын.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір білдіріп, блогерге қолдау көрсетті.

"Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы", "Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр", "Басынан ұнамап еді сол еркек", – деді ол.

Серіктес жаңалықтары