Танымал актер ауруға шалдыққан қызын интернатқа өткізіп жіберді

21 сәуір 2025 15:03 / Новости Казахстана

Ирландиялық танымал актер Колин Фаррелл өзінің тұңғышы, сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан ұлы Джеймсті интернатқа орналастыру туралы күрделі шешім қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Колин Фаррелл мен оның бұрынғы сүйіктісі, модель Ким Борденейвтің ұлы Джеймске небәрі бір жарым жасында алғашында церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Алайда кейінірек дәрігерлер оның ерекше мінез-құлқын — жиі және себепсіз күлуді байқап, Ангельман синдромы болуы мүмкін екенін болжаған. Генетикалық тест диагнозды растады.

Бұл сирек кездесетін ауру орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, баланың сөйлеу және қимыл-қозғалыс қабілеттерін күрт тежейді. Мұндай балаларда дамудың күрделі кідірісі, жиі ұстамалар және ерекше мейірімді, ашық мінез байқалады. Олар ұзақ өмір сүреді, бірақ өмір бойы күтім мен қолдауға мұқтаж болады.

Серіктес жаңалықтары