«Зорлап, орманға көмген»: Павлодар тұрғынының 17 жыл бұрынғы қылмысы ашылды
Павлодарда 17 жыл бұрын қызды зорлап, оны өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Ер адам 2008 жылы кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Қылмысқа қатысы бар азаматтар 2009 жылы түрмеге тоғытылды. Бірақ бас фигурант көптеген жылдар бойы жасырынып жүрген.
Тергеу мәліметі бойынша, 2008 жылдың наурызында бір топ жігіт күні бойы ішімдік ішкен. Кешке қарай көшеге шыққан. Көшеде олар кәмелетке толмаған қызды көріп, оны қинап үйге кіргізеді. Біраз уақыттан кейін күдікті жәбірленушіні бөлмеге кіргізіп, зорлаған. Кейін жігіттің достары қызды өлтіруге кеңес береді. Олар жәюірленушінің полицияға бар жағдайды айтып қоюынан қорқады. Кейін бір топ жігіт қызды орманға алып барып, тұншықтырып өлтіреді де, сол жерге көміп кетеді. 2009 жылы басты қылмыскерден бөлек барлығы ұсталады. Басты фигурант 2023 жылы Краснодар өлкесінде қолға түсті. 2009 жылы сотталғандар бостандыққа шыққан. Олар сотта куәлік берді.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов ер адамды 17 жылға бас бостанлығынан айырды.