Таразда қарамағындағы балаларды азаптаған Зүлфия Төленова қамауға алынды

27 қаңтар 2026 17:33 / Новости Казахстана

Апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлді қамқорлығына алған әйел өзге де балаларды азаптады деген күдікке ілініп қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалд. Оның үстінен «Азаптау» және «Екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал қарамағындағы балаларды медициналық қызметкерлер тексерді. Олар мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды. Ал Құндыз бен Назгүл арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына барды.

Айта кетейік, қамқоршыдан жәбір көрген балалар өткен жылдың 29 желтоқсанында Зулфия Төленованың үстінен ұрып-соғу дерегі бойынша арыз түсірген. Балалар Зулфия Төленованың ішімдікке сылқия тойып алып, мазаларын қашыратынын және соққыға жығатынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары