Тарихта алғаш рет Нью-Йоркті жас мұсылман басқарады
34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрінің сайлауында жеңіске жетті. Ол республикашыл Кертис Сливаны және тәуелсіз кандидат, бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны артта қалдырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол — Нью-Йорк қаласының мэрі болған алғашқы мұсылман. Мамдани Үндістаннан шыққан отбасыда дүниеге келді. Оның отбасы әуелі Оңтүстік Африкаға, содан кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Ол 2018 жылы АҚШ азаматтығын алды.
Үлкен саясатқа келгенге дейін Мамдани баспанасынан айрылу қаупі бар адамдарға көмектесті. Сондықтан оның сайлаудағы басты тақырыбы қолжетімді баспана болды. Сондай-ақ, жаңа мэр байларға салықты көтеруді, ең төменгі жалақыны сағатына 30 долларға дейін біртіндеп арттыруды, тегін мектепке дейінгі білім беруді және тегін автобуспен жүруді іске асыруды қолға алмақшы.