Темірлан Еңсебекті тағы да тергеуге шақырды

28 қараша 2025 16:23 / Новости Казахстана

Сатирикалық Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебекті қайтадан тергеуге шақырғаны туралы белсенді Мария Кочнева мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның айтуынша, тергеу Qaznews24 парақшасына байланысты жүргізіліп жатыр, және ҚР ҚК «Көрінеу жалған ақпарат тарату» 274-бабы көрсетілген.

«Темірланды Qaznews24-ке қатысты қылмыстық іс бойынша тағы да тергеуге шақырып жатыр, дегенмен ол бұл парақшаның редакция жұмысына қаңтардан бері араласпаған. Бұл жолы ҚК 274-бабы бойынша шақырылды, Темірланды тағы үш жылға бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр», — деп жазды Кочнева стористе.

Еске салайық, сәуір айында Темірлан Еңсебекке 5 жылға бостандығын шектеу жазасы кесіліп, оған журналистік, құқық қорғау және саяси қызметпен айналысуға тыйым салынған болатын. Бұған себеп — Тина Канделаки туралы сатиралық жазбадағы «Йоу, орыстар» әні.

Бұл сот процесі азаматтық қоғамның наразылығын тудырды — журналистер мен белсенділер қудалауды тоқтатуды талап етіп, «Сатира — қылмыс емес» деп митиңге шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары