Теміртауда автобуста 18 жастағы жігітті пышақтап кетті
28 желтоқсан 2025 10:30 / Новости Казахстана
№107 автобуста 18 жастағы жігіт пен 30 жастағы жолаушы терезеге бола дауласып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірі терезені ашпақ болғанда екіншісі қарсы болған. Даудың арты төбелеске ұласып, ер адам жігіттің аяғына пышақ сұғып алды.
Жарақат алған адамның аяғынан қан ағып, автобустың іші қан-жоса болды. Жүргізуші автобусты тоқтатып, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Дәрігерлер келгенге дейін жолаушылар жігіттің аяғын орамалмен байлаған. Жедел жәрдем бригадасы келіп алғашқы көмек көрсетті.
Келген полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана