TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін әйелге 86,5 мың теңге айыппұл салынды
12 тамыз 2026 12:21 / Новости Казахстана
Шахтинск қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткені үшін жауапқа тартылды , деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция әлеуметтік желіде жарияланған эфирге назар аударып, әйелді полиция бөліміне жеткізген.
Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-1-бөлігі бойынша, яғни құқыққа қайшы контентті орналастыру және тарату фактісі бойынша іс қозғалған. Шахтинск қалалық соты істі қарап, тұрғынға 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот мәліметінше, әйелдің кінәсі өз кінәсін мойындаған түсініктемелерімен және іс материалдарымен дәлелденген.
Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана