«Тойыма ақша табу үшін ұрладым». Екі отбасының малын ұрлаған
Ақмола облысының полицейлері мал ұрлығы бойынша күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Целиноград ауданының екі тұрғыны Талапкер ауылындағы шаруаның қорасындағы 20 бас қойды қолды қылған. Шығын мөлшері – 1 миллион теңге. Ауылдың екінші тұрғыны да арыз түсіріп, 5 бас қойын ұрлағанын айтты. Жергілікті полицейлер ауыл тұрғындарының берекесін кетірген ұрыларды жылдам қолға түсірді.
«ҚР ҚК 188-1-бабымен тергеу бастап, Целиноград ауданы мен астананың аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Қажымұқан ауылының екі тумасы анықталып ұсталды. Тергеуде ұсталғандардың елдімекенге жалдаған көлікпен келгені, малды ұрлап әкетіп сойғаны анықталды.
Заттай айғақ ретінде қойдың терісі мен еті тәркіленді.
Күдіктінің бірі жуырда үйлену тойы болатынын, соған қаражат керек болып торуылға шыққанын айтты.