Тоқаев Ресейде Путинмен кездесті

22 желтоқсан 2025 20:22 / Новости Казахстана

Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев кездесу барысында Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән беретінін ерекше атап өтті. Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесу мазмұнды өткенін айтты.

«Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті», — деді мемлекет басшысы.

Владимир Путин де екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тоқталды.

«Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ», – деді Ресей президенті.

Серіктес жаңалықтары