Тоқаев спортшыларды Ливерпульдегі жеңісімен құттықтады

15 қыркүйек 2025 14:22 / Новости Казахстана

Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионатында 7-ші алтын медальды ұтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing нәтижесі:

Алтындар:

Айбек Оралбай (90 келі)

Махмұд Сабырхан (55 келі)

Санжар Ташкенбай (50 келі)

Алуа Балқыбекова (51 келі)

Аида Әбікеева (65 келі)

Төрехан Сабырхан (70 келі)

Наталья Богданова (70 келі)

Назым Қызайбай (48 келі) күміс қанжығалады.

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары