Тұрғын үйдегі өрттен 42 жастағы ер адам мерт болды
17 желтоқсан 2023 12:00 / Новости Казахстана
Оралда тұрғын үйдегі өрттен 42 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Arbat.media.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 желтоқсан күні Ақтөбе көшесі 254-үйде болды.
«Сағат 04.03-те төрт пәтерлік бір қабатты үйде №2 пәтерде жеке заттар, төбе жақтауы мен шатыр отқа оранды. Өрт 70 шаршы метрді қамтыды. Асүйден 1981 жылғы пәтер иесінің мүрдесі табылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 21 адам 5 техникамен жұмылдырылды. Жалын сағат 05.05-те оқшауланып, 05.38-де толықтай сөндірілді. Аталмыш үй 1965 жылы салынған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт отпен абайламаудан (темекі тарту кезінде) шыққан», деп хабарлады ведомстводан.
6 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
6 қарашаға арналған ауа райы болжамы
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана